Ашық сынып сағаты Тақырыбы: «Интернет-алаяқтық: қалай жәбірленуші болмасқа»

08.05.2026

8 мамыр күні «Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК аясында «Интернет-алаяқтық: алаяқтардың құрбанына айналмау жолдары» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты — студенттердің желідегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және цифрлық сауаттылығын арттыру.
Тәрбие сағаты барысында білім алушылар интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлерімен танысып, нақты мысалдарды қарастырды және жеке деректерді қорғау мен алаяқтық әрекеттерді анықтау бойынша практикалық ұсыныстар алды.
Студенттер жағдаяттарды талқылау мен талдауға белсенді қатысып, бұл олардың сыни ойлау қабілеті мен цифрлық ортадағы жауапты мінез-құлқын дамытуға ықпал етті.



Текст
Виртуальная приемная